🎤 Тележүргізушілермен кездесу – жаңа шабыт көзі!

    Бүгін, 24 сәуір Оқушылар сарайында «Журналистика және медиатехнология» үйірмесінің балаларына арналған шеберлік сабағы өтті.
    Өз ісінің кәсіби мамандары: муниципалды телеарнаның редакторы, бағдарлама жүргізушісі, өңірлік коммуникациялар қызметінің модераторы Құлтанов Байболат Бектемірұлы және «QZ Media» СҚО ақпараттық порталының бас редакторы, продюсер Пешкова Дарья Андреевна тәжірибелерімен бөлісті.
    Ашық диалог форматында өткен іс-шарада бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы, халықпен дұрыс коммуникация орнату жолдары және кәсіби шеберлік туралы маңызды мәселелер талқыланды.
    Кездесу барысы жылы атмосферада өтті, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты сұрақтарға жауап алды.
    Мұндай кездесулер – шығармашылық шабыт беріп қана қоймай, кәсіби дамуға үлкен серпін береді.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Дворец школьников»