08.02.2025 күні МКҚК «Digital urpaq» оқушылар сарайында «ҰЛЫ ИДЕЯЛАР АЙҚАСЫ» атты облыстық дебат турнирі өтті. Турнирге жалпы 16 команда қатысып, Альфа және Бета лигаларына бөлінді. Турнир барысында оқушылар қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді көтерді және жалынды қарсылықтарымен көзге түсті. Турнир қорытындысы бойынша АЛЬФА лигасы бойынша:
- I-орын «Femida» командасы (Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектеп)
- II- орын «ЭДЕМ» командасы «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ
- III- орын «Альянс» (Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі)және «Тайфун» («Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ) командалары иеленді
Альфа лигасы бойынша “Үздік спикер” номинациясы «Femida»командасының мүшесі Табылды Аружанға берілді.
Бета лигасы бойынша:
- I-орын «Қазақстан барысы»( «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Уәлиханов ауданының білім бөлімі» КММ «Мектеп жанындағы интернаты бар №2 Кішкенекөл орта мектебі»)
- II-орын «Жиренше» ("Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі" КММ)
- III-орын «TRIX»(«Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ)және «Тұлпар»(«Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ) командалары иеленді.
- Бета лигасы бойынша «Үздік спикер»- Ерқанат Сая