Петропавлда хакатон олимпиадасы басталды Петропавлдағы Оқушылар сарайында Хакатон олимпиадасы өтіп жатыр. Ол жерде қатысушылар кез-келген өзекті мәселені алып, белгілі бір талаптарды орындауы керек, сондай-ақ орындалған жұмысты таныстыруы қажет. Себебі «Хакатон» - бірегей білім беру жобасы. Биыл бұл іс-шара ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына арналған.