Абай облысы әкімдігінің өкілдері Оқушылар сарайында
17 қаңтарда Абай облысының әкімдігі тәжірибе алмасу мақсатында Оқушылар сарайына келді. Біздің сарайдың мамандары оларға барлық жетістіктерімізді, заманауи жабдықталған кабинеттерімізді көрсетіп, жұмыс барысымен таныстырды.
Қонақтар Оқушылар сарайының мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп, көптеген идеялар мен тәжірибелер алды. Оларға біздің сарайдың ұсынатын барлық бағыттары ерекше ұнады.
Біз әрқашан осындай кездесулерге қуаныштымыз және тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз! Оқушылар сарайы барлық қонақтарға есігін айқара ашуға дайын!