Петропавлдық оқушылар химия әлемін қалай жаулап алды: қызықты химоквиздің қорытындысы!

Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің, гимназиялар мен лицейлерінің 9-сынып оқушылары арасында облыстық «Химоквиз» конкурсы өтті. Шараның мақсаты — оқушылардың химияға қызығушылығын арттыру, олардың танымдық белсенділігін дамыту, сондай-ақ интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Конкурс барысында қатысушылар 4 турдан өтті: бірінші турда — «Бәйге» — химия пәнінен қызықты сұрақтарға жауап берді, екінші турда — «Көкпар» — тәжірибелік тапсырмаларды орындады, үшінші турда — «Бақытыңды сына» — сәттілікке байланысты сұрақтарды шешті, ал төртінші турда — «Табысты таңдау» — логикалық тапсырмаларды орындады.

Конкурс жеңімпаздары**:

    🏆1 орын— «ДНК» командасы (Оқушылар сарайы).
    🥈 2 орын— Sigma team командасы (НИШ ХБН, Петропавл қаласы).
    🥉 3 орын— «Неметаллы» командасы (КГУ «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT лицейі»).
Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға химияға деген қызығушылығы үшін алғысымызды білдіреміз! Келесі жылы «Химоквиз» облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз!